Kitap

Published by: BILIM LAND, TOO

Description

KITAP қосымшасы – кітаптар мен аудиокітаптардың ең үлкен қоры.
Қосымшада қазақ әдебиетінің жауһарлары мен әлем әдебиетінің үздік шығармалары жинақталған.
Kitap қосымшасын жүктеп алудың ең басты артықшылығы – өзіңізге ыңғайлы уақытта, кез келген жерде оқып, аудиокітаптарды тыңдай аласыз.
Кітаптардың жанры әртүрлі, тақырыбы саналуан. Классикалық шығармаларды оқығаннан ләззат аласыз ба, әлде әлемдік бестселлер кітаптарға қызығасыз ба? Ғылыми-танымдық әдебиет қызықтыра ма, әлде іскерлік бағыттағы кітаптарды көбірек оқисыз ба? Бәлкім, психологияға қызығатын шығарсыз? Әлде, балаларға арналған таңдаулы шығармаларды іздейсіз бе? Мұның барлығын біздің қолданбадан табасыз.
Егер оқудан гөрі тыңдау ыңғайлы болса, аудиокітаптарымыз бар. Сүйікті шығармаңызды кәсіби дикторлардың дыбыстауында тыңдауға болады.
Серуенге шыққанда, сапарда жүргенде немесе жай ғана кезек күтіп отырғанда уақытты тиімді өткізгіңіз келсе, Kitap қосымшасы сенімді серік әрі пайдалы көмекші бола алады.
Абай өлеңдері мен Қара сөздері, поэмалары мен аудармалары, Мұхтар Әуезовтің романдары мен әңгімелері, Бейімбет Майлин мен Жүсіпбек Аймауытовтың үздік шығармалары – қосымшадағы қазынаның бір парасы ғана. Әлемдік бестселлер – «Жасампаз жандардың 7 дағдысы», «Sapiens: Адамзаттың қысқаша тарихы» және «Анна Франктің күнделігі», «Ғажайып» сынды еңбектерді қазақ тілінде оқып қана қоймай, тыңдай да аласыз.
Қосымшада ұнатқан кітабыңызды Сөреге жинақтауға болады. Кітаптарды жүктеп алуға және достарыңызға жіберуге де мүмкіндік берілген.
Кітаптар мен аудиокітаптар мынадай жанрлар бойынша жинақталған:
• Көркем шығармалар
• Тарихи шығармалар
• Ғылыми әдебиет
• Тұлғалық даму
• Іскерлік әдебиет
• Публицистика
• Романтика
• Психология
• Бизнес
• Ертегілер және т.б.
Жиі қойылатын сұрақтар:
Kitap қосымшасын жүктеп алу маған не береді?
Kitap қосымшасы бүкіл әлем оқып, талқылап жатқан кітаптарды оқуға және оның аудионұсқасын онлайн немесе жүктеп алып тыңдауға мүмкіндік береді.
Kitap-тың басқа қосымшалардан ерекшелігі неде?
• Кітаптар мен аудиокітаптар қорының мол болуы;
• Кітапты сатып алмас бұрын бір бөлігін оқып/тыңдап көру мүмкіндігі;
• Жеке кітапхана жасақтау;
• Кітаптарды жүктеп алу;
• Оқып немесе тыңдап жатқан шығармаңызды тоқтаған жерінен жалғастыру;
• Шығарманың қажет тұсына бетбелгі қою;
• Аудионы алға және кері жылжыту, бөлімдерді оңай ауыстыру;
• Аудионы ойнату жылдамдығын таңдау;
• Кітаптың оқылған/тыңдалған кітап бөлігі пайызбен көрсетілуі;
• Кітап туралы пікір білдіріп, талқыға қатысып, баға беруге болады.
Kitap қосымшасында балаларға арналған шығармалар бар ма?
Әрине! Қосымшада балалар әдебиеті мол. Бір ғана ертегінің 400-ден аса түрі бар. Әрі қор ұдайы толығып отырады. Қосымшада мектеп бағдарламасындағы барлық шығарманың аудионұсқасы жасалған.
Аудиокітаптарды жүктеуге бола ма?
Иә, таңдаған кітапты жүктеп алуға болады. Жүктелген кітаптар Сөреге жиналады.
Hide Show More...

In-Apps

Kitap жазылымы
€12.49

Screenshots

Kitap FAQ

  • Is Kitap free?

    Yes, Kitap is free to download, however it contains in-app purchases or subscription offerings.

  • Is Kitap legit?

    ⚠️ The Kitap app has poor ratings and negative feedback. Users seem unsatisfied with its performance or features.

    Thanks for the vote

  • How much does Kitap cost?

    Kitap has several in-app purchases/subscriptions, the average in-app price is €12.49.

  • What is Kitap revenue?

    To get estimated revenue of Kitap app and other AppStore insights you can sign up to AppTail Mobile Analytics Platform.

User Rating
App is not rated in Netherlands yet.
Ratings History

Kitap Reviews

Аудио кітап қайда кетті?

makoow on

Kazakhstan

Тәп-тәуір аудио кітапты тыңдап жүргенмін, алдыңдарда бұздыңдар. Екеуін қостыңдар ма, не істедіңдер? Ақылы жасап жібердіңдер! Алдымен кітап оқитын аудиторияны көбейту керек қой, не болмаса алғашқы тіркелген адамдарға тегін жасаңдар. Екі жақта біраз кітап жоғалып кетті. Аудиокітапты қайтарыңдаршы. Маркетингтерің дұрыс емес.

Өте нашар

Aiserik Yerbol on

Kazakhstan

Google acc және apple id мен тіркелу мүмкін емес. Тіпті номермен тіркелейін десең де хабарлама келмеді. Тіркелу мүмкін емес.

Отзыв

Zangar08 on

Kazakhstan

Бұл қосымша мағар ұнады. Әсіресе аудиокітап тыңдау мүмкіншулігі. Алайда көптеген кітаптарды бұл қосымшадан таба алмадым. Махаббат қызық мол жылдар, Өлгендер қайтып келмейді деген секілді кітаптарды қосқанда вообще керемет болатын еді

Сайт жайлы

ЖансаяГ on

Kazakhstan

Өте сапасыз жасалған бір емес 4рет тіркеле алмадым, ноутбук арқылы кіріп тұрған аккаунтыма мүлде кірмейд қалды осыны дұрыстауға болмас па екен?

Верните старую версию

David.333 on

Kazakhstan

Старая версия была намного лучше и понятнее. И ладно если платная, так еще с приложения не заходит, только через компьютер. Еще через Каспии сделали платеж для подписки, а в кабинете не видет его и показывает баланс 0тнг. Вообщем смех

Неге біреудің артынан кірді деп тұр

Бұл неге кірмейді on

Kazakhstan

Неге біреудің артынан кірді деп тұр не үшін кірмейді акаунтпен ?

Off-line жасамайды

Айдар Хамзин on

Kazakhstan

Арнай ұшақта тыңдау үшін жүктелген кітаптар ашылмайды, интернетке қосылуды талап етеді. Дұрыстасаңыз керемет болар еді. Рахмет

ЖҰМЫС ІСТІМЕЙДІ

kmlkhnz on

Kazakhstan

Мен 1790 теңгеге жазылдым, ақша алынды, бірақ қосымша мүлдем істемейді, не деген сұмдық?! Ақшаны қайтарсын, істемейтін қосымшаны аспандағы бағалармен сатпай!!!

Whyyy

IJ.demon on

Kazakhstan

Ашылмайтын болды, бұрынғысы жақсы еді. Қазір ештеңе шықпайды. Кітапты сақтасам жоғалып кетеді. Неге кері қарай дамып кетті?

К

Toakon on

Kazakhstan

Таңдаған кейбір кітаптар ашылмайды, сұр бет болып тұрады. Неге?

Store Rankings

Ranking History
Category Rankings
Chart
Category
Rank
Top Grossing
16
Top Free
24
Top Free
190
Top Free
231
Top Free
341

Keywords

Kitap Competitors

Kitap Installs

Last 30 days

Kitap Revenue

Last 30 days

Kitap Revenue and Downloads

Gain valuable insights into Kitap performance with our analytics.
Sign up now to access downloads, revenue, and more.
This page includes copyrighted content from third parties, shared solely for commentary and research in accordance with fair use under applicable copyright laws. All trademarks, including product, service, and company names or logos, remain the property of their respective owners. Their use here falls under nominative fair use as outlined by trademark laws and does not suggest any affiliation with or endorsement by the trademark holders.